Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы
Қазіргі қазақ қоғамындағы өзекті тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Сыбайлас жемқорлыққа әкелетін себептер өте көп. Ең негізгі себептердің бірі – мемлекеттік қызметшінің халық атынан өзіне сеніп тапсырылған өкілеттілікке бей жай қарауы, жеке бастың қамын ойлау, құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі, парақорлықтың кесірін сезінбеуі.
Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің негізгі міндеттерінің бірі ретінде жемқорлық әрекеттерді әшкерелеу, оған тәуекел етушілердіжазалап, бармақ басты, көз қыстыға барғандардың ісі қатаң қаралатынына басымдық берді.
Жалпы, сыбайластыққа барғандарға заң қатал. Қалың көпшілік те ақпарат құралдары арқылы одан құлағдар. Ендеше, адал ұрпақ тәрбиелеп, ақадал еңбекпен нан табуға бейімделген түрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметкер парақорлықтың салдары ауыр әрі кейінгі буынға таңба боларын ұғынып, зардабы орасан іске әркез сабақ алуы тиіс.
Қорыта айтқанда, сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп-қатерлерінің бірі. Сондықтанда келеңсіз құбылыстармен күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы. Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады және де ол үшін әр адам өзінен бастауы керек.
Б.ҰЗАҚОВ
Арал қаласының әкімі
Сурет: www.gov.kz