Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жең ұшынан жалғасу әрекеті опа бермейді

Жең ұшынан жалғасу әрекеті опа бермейді

Үшінші онжылдықтан өте өзгеше бағыттары жаңарған еліміз ашықтыққа ден қойды. Бұл қадам көзі қарақты, көкірегі ояу әрбір қазақстандықтарға мәлім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жаңа Қазақстанның негізгі міндеттерінің бірі ретінде жемқорлық әрекеттерді әшкерелеу, оған тәуекел етушілерді қатаң жазалауды өз Жолдауында қатаң айыптап, көз қысты, бармақ бастыға барғандардың ісі ендігі жерде май шаммен қаралатынына басымдық берді.
Құптарлық жағдай. Себебі, өркендеу жолына еш кедергісіз ілесетін кез келген мемлекет бірінші кезекте жемқорлықтың күре тамырына балта шабады. Осы жәйтті ескерген Президент бұл үрдістің соңғы кездері белең алғанына қынжылыс білдіріп, оңай олжаға құныққандармен пәрменді жұмыс жүргізу үстінде. Қазіргі таңда мемлекет байлығын талан-таражға салып, қолда бар кезде қоныштан басуға қарекет қылғандарды анықтауға құзырлы органдар белсене кірісуде. Шенді-шекпенділердің шетелдегі тыққан қомақты қаржылары мен жылжымайтын мүліктері мемлекет меншігіне қайта алынып, түйені түгімен жұтуға ниеттілердің бей-бейнесі әшкереленіп жатыр.
Жалпы, сыбайластыққа барғандарға заң қатал. Қалың көпшілік те ақпарат құралдары арқылы одан құлағдар. Ендеше, адал ұрпақ тәрбиелеп, ақадал еңбекпен нан табуға бейімделген түрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметкер парақорлықтың салдары ауыр әрі кейінгі буынға таңба боларын ұғынып, зардабы орасан іске әркез сабақ алып, айылын тартып отыруы тиіс.
Мырзагүл Рсалиева,
«Арал қаласы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлімше басшысы

Фото: ашық дереккөз 
11 сәуір 2024 ж. 280 0