Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастардың сенімін арттыра түсті

Жастардың сенімін арттыра түсті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының сұхбатын Ұлттық арнадан көрген сәтте тақырыпқа қатысты маңызды сұрақтардың жауабын тыңдауға мүмкіндік алдық. Сұхбат барысында халық арасында талқыға түсіп, айтылып жатқан көп сұраққа нақты, әрі дәлме-дәл жауаптар берілді деген ойдамын. Сондай ақ, Мемлекет басшысы «Мен үшін азаматтарымыздың құқығы аса маңызды. Әсіресе, қазіргі таңда мұны ең маңызды мәселе деп айтуға болады. Әрбір іс бойынша әділ шешім шығару мен үшін негізгі принцип болып табылады» деген сөзі әрбір көкірегі ояу, көзі ашық жанның көкірегіне сенім ұялатады.
Сонымен бірге Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы болашақтағы жоспарларды да да атап өтті.
Сұхбат барысында айтылған Мемлекет басшысының: «Біздің ортақ Отанымыз ол - Қазақстан, еліміз бізден басқа ешкімге керегі жоқ. Тәуелсіздік бәрінен қымбат» – деген сөзі жастардың болашаққа деген сенімін арттыра түсері белгілі. 
Жалпы алғанда, бүгінгі сұхбатта Қазақстанның алға дамуының негізгі бағыттары көрсетіліп, келешекке бет бұрар жоспарлар айқындалды.

Ержан Сабырбай,
аудандық "Jas Otan" ЖҚ бөлімше басшысы
18 ақпан 2022 ж. 532 0