Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған

Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдан бергі  бері қарай жылма-жылдағы Жолдауын ой елегінен өткізіп көрсек.
 Әрбір жылдағы Жолдаулары, яғни айтқанда, 2019 жылғы «Сындарлы қоғамдағы диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі», 2020 жылы Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жолдаса, 2021 жылы 1 қыркүйекте «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында елдің біртұтас бірлігі, халыққа қызмет жасайтын әрбір саланың дамуы, әр саладағы шаруашылықтың өркендеуі, елдің экономикасын көтеру, халықтың тұрмыстық әл-ауқатын жақсарту және тұрақтылықты сақтау мәселесіне басымдық берілген.
Биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев сөз бастамасын: "Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы.  Барлық бастамамыз осыған бағытталуда" деп атап көрсеткен.
Бүгінгі таңда халықтың әл-ауқаты, тұрмыстық жағдайының жақсаруы – өзекті мәселелердің бірі. Міне, осы деректер Мемлекет басшысы Жолдауының бірінші бастамасы, ең төменгі жалақы деңгейін қайта қарайтын кез келді деп атап көрсетті. Онда 2018 жылдан бері жалақы мөлшері өспегендігін, ТМД-ның бірқатар елдерінен артта қалып қойғандығын айта келіп, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақының қазіргі 42 мың 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтеру және төртінші бастамасында бюджеттен қаржыланатын көп жылдардан бері айтылып келе жатқан мәдениет қызметкерлері, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілері және басқалардың жалақысы 20 пайызға өсірілетіндігі атап айтылды. Әрине мұндай жаңалықты естіген әрбір сала қызметкерінің болашаққа деген сенімінің арта түсетіндігі ақиқат. Қазіргі кезеңде ең аз еңбекақы алатын кітапханашылар, техникалық қызметкерлер. Әрине, түптеп келгенде, халыққа қызмет жасап отырған әрбір саланың мәселесін көтеру сол сала қызметкерлерінің еңбегін бағалау деп түсінемін.
Әрине "бұлақ көрсең, көзін аш" деген. Білімсіз еш нәрсеге қол жеткізе алмайсың. Білім көзі – кітапта. Осы тұрғыда кітапханашылар мәртебесін көтеру – білімді ұрпаққа жол ашу деп білемін. Мемлекет басшысының "халық үшін барлық күш-жігерімді жұмсай беремін" деген сөзі бізге тың күш берді. Сөзімді қорыта келгенде, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көптеген мәселе қаралды. Айтылған жайттарға бір кісідей нәтижелі жұмыс істесек, Президенттің Жолдауда айтқан маңызды мәселелері ел бірлігі, ел игілігі үшін бір ізге түсері анық.
Сердалы ШАЛБАЕВ,
Жаңақұрылыс ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы
08 қазан 2021 ж. 470 0