Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Жолдауы талқыланды

Президент Жолдауы талқыланды

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жыл сайынғы Жолдауын насихаттау мақсатында ауылдық округке қарасты елді-мекендерде кездесулер өткізілді.

Жиынға ауданда құрылған насихаттық топ мүшелері - аудандық қаржы бөлімінің басшысы М.Көлдеев пен аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары Е.Саттаров қатысып, жолдаудың негізгі басымдықтарының бірі-азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйін жақсартып, әл-ауқатын арттыру болып табылатыны жөнінде сөз қозғады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ұсынған бес бастамасына орай, 2022 жылдан 2025 жылға дейін мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілердің жалақысы жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсетіні және еліміздің азаматтары үшін қолжетімді тұрғын үй ипотекасының бағдарламасын әзірленетіні туралы кеңінен түсіндірілді.

"Толқын" ақпарат

16 қыркүйек 2021 ж. 386 0