Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2022 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы көтеріледі - Жолдау

2022 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы көтеріледі - Жолдау

Келер жылы елімізде ең төменгі жалақы 42500 теңгеден 60 мың теңгеге артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам педагог пен дәрігердің, әлеуметтік сала қызметкерінің жалақысы өсті. Бірақ, бюджеттен қаржыландырылатын өзге сала азаматтары мұнан тыс қалды. Бұлар музей қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілері және басқалары. Сондықтан 2022 жылдан 2025 жылға дейін мемлекет осы санаттағы азаматтық қызметкерлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіретін болады. Тұтастай алғанда, тағы 600 мың отандасымыз бұл бастаманың игілігін көреді», - деді Мемлекет басшысы.
01 қыркүйек 2021 ж. 741 0