Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтардың жалақысы өсті

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтардың жалақысы өсті

Елімізде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап кейбір қызметкерлердің жалақысы көтерілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

2021 жылы ең төменгі жалақы 42 500 теңге деңгейінде қалды. 
Оған қоса, мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту арқылы, төменгі деңгейдегі қызметкерлердің жалақысы өсетін болады.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап лауазымдық жалақыны ұлғайту жолымен әлеуметтік қызметкерлер үшін жалақы 1,5 есеге, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ағымдағы мәннен 1,75 есеге, ал 2023 жылы 2 есеге өскен.
Қазақстанда 2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік ұйымдардың 38,5 мыңнан астам әлеуметтік қызметкерінің жалақысы өсті. Ол үшін республикалық бюджеттен алдағы үш жылға шамамен 95 млрд теңге бөлінген.
Жалақыны көтеру өз қызметін стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде, уақытша болу мекемелерінде  жүзеге асыратын негізгі персонал мен басшы құрамға, сондай-ақ үйде қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлерге қатысты. 
Қызмет көрсетілетін контингенттің ерекшелігін ескере отырып әлеуметтік қызметкерлерден жоғары психоэмоционалдық дайындық, күтім және үздіксіз бақылау, оңалту рәсімдерін жүргізу талап етіледі.
Оған қоса, президент медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен көтеруді тапсырды.
Мемлекет басшысы дәрігерлер мен СЭС қызметіндегі мамандардың жалақысын биылдан бастап 2023 жылға дейінгі аралықта орташа жалақыдан екі есеге дейінгі көлемде өсіруді тапсырды.
2021-2023 жылғы республикалық бюджет туралы заң жобасында бұл шығындар қарастырылған. 247 мың медқызметкердің жалақысын өсіру үшін 2021 жылы - 222,3 млрд теңге, 2022 жылы – 361,7 млрд теңге, 2023 жылы 557,5 млрд теңге қажет.
Президент тапсырмасы шеңберінде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25%-ға өсті. Оған қоса мемлекет басшысы, бапкерлердің жалақысын да келесі жылдан бастап көтеру керек екенін айтқан. 
Көрсетілген қосымша ақы тиісті дипломы болған жағдайда және негізгі жұмыс орны бойынша нақты жүктемеге қарамастан белгіленеді.
01 қаңтар 2021 ж. 857 0