Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет қаржысы тиімді жұмсалуы тиіс

Мемлекет қаржысы тиімді жұмсалуы тиіс

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың 1 қыркүйегінде жариялаған Жолдауында көп нәрсенің басын ашты. Яғни, Мемлекет басшысы 30 жылдағы жүріп өткен жолымызға тоқталып, осынау баға жетпес құндылығымызды онан әрі өркендете түсудің маңыздылығына басымдық берді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы өзінің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында: "Біздегі  қаржылық орнықтылықтың қоры соншалықты шексіз емес, бюджет кірісін арттыру үшін шаралар қабылдау қажет екені сөзсіз. Бірінші кезекте, мемлекеттік шығыстардың ауқымын және оның тиімді жұмсалуын бақылауда ұстау қажет, – деп салмақты сөз сабақтады.
Рас, ел дамуын тежейтін жемқорлық әрекеттерге тосқауыл қоюды Қазақстан әлдеқашан қолға алған. Нәтиже жоқ емес. Қазіргі таңда жең ұшынан жалғасқан сыбайластыққа бару көрінісі үлкен деңгейде әшкереленіп, оңай олжаға құныққандардың жолы кесіліп жатқанын бұқаралық ақпарат көздері арқылы жақсы білеміз. Бұл – Президенттің пәрменді тапсырмасының нәтижесі екені даусыз. Баянды болашаққа бет түзеген еліміз жемқорлықтың ел дамуын тежейтінін ескеріп, ұлт болып жұмылған жағдайда ғана бұл кеселді жеңетінін ұғына білулері қажет.
Мұхтар Бозғұлов,
Қарақұм ауылдық округінің әкімі
24 қыркүйек 2021 ж. 346 0