Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәдениет қызметкерлерінің мәртебесі өспек

Мәдениет қызметкерлерінің мәртебесі өспек

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауын жариялады. Біз әдеттегі қалпымыздан танбай теледидар арқылы мұқия тамашаладық.
Мемлекет басшысы Жолдауында қоғамдағы өзекті мәселе қамтылды. Халық көкейінде жүрген сауалдарға дөп басқан жауап берілгендей болды. Әсіресе алдағы уақытта мәдениет қызметкерлерін қолдау керек екендігі көңілге қуаныш ұялатты. Ел Президенті осы уақытқа дейін мәдениет саласында еңбек етіп келе жатқан жандардың жұмысы тиісті бағаланбай отырғандығын айта келіп, алдағы уақытта еңбекақының көтерілетіндігін айтты. Бұған қоса аталмыш сала қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік жеңілдіктер берілетіндігін жеткізді.
Бұл жаңалықты талай жылдар мәдениет саласында қызмет жасап, ыстық-суығына төзе білген аралдықтар зор ризашылықпен қабыл алды. Әрине мемлекет тарапынан жасалған қолдаулар біздің мерейімізді өсіріп, қызметке деген құлшынысымызды оятары сөзсіз. Мен де 22 жылдан бері аудандық мәдениет үйіндегі кітапханада кітапханашы болып қызмет етіп келемін. Алдағы уақытта Мемлекет басшысы айқындап берген басымдықтар қолға алынса мен үшін үлкен қолдау болғалы тұр.
Дина Орынбасарова,
кітапханашы
02 қыркүйек 2019 ж. 1 058 0