Сала мамандарына құрмет көрсетілді

–Құрметті жерлестер, ардақты мәдениет саласының қызметкерлері, қадірлі өнер сүйер қауым! Еліміздің өнері мен мәдениетін дамытуда аянбай еңбек етіп жүрген баршаңызды мәдениет және өнер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Мәдениет–адамзат тарихының күретамыры. Адамзаттың ажырамас бір бөлігі десек, өнер мәдениетінің айнасы елдің ең басты рухани асылмұрасы. Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде «Өркениетті ел ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтымен, ұлы тұлғаларымен мақтанады. Өзінің ұлттық мәдени құндылығы арқылы ғана басқаға танылады» деген болатын. Ендеше, «Ел іші-өнер кеніші» дегендей, халқымыздың мәдениеті мен өнерін дамытуда ауданымыздың алар орны бір төбе. Ал, Арал өңірі қай уақытта да өнерлі жандардан кенде болған емес. Және өздеріңіз барда өнеріміздің өрісі еш тарылмақ емес. Біз әрқашан Арал топырағынан шыққан Ә.Нұрпейісов, Ж.Әбдірашев, З.Шүкіров, Ш.Сариев, Қ, Сұлтанбаев, М.Сыдықов, Р.Әшімов, Б.Тәңірбергенов, Н.Айдаулетова, Э.Жаңабергенова сынды басқа да ұлт мақтаныштарымен және Қазанғап ұлттық аспаптар оркестрімен, Сыдықовтар жанұялық ансамблі сынды өнер майталмандарымен әркез мақтанып келеміз–деп, киелі өнер жолында Аралды ел-жұртқа танытып, биіктерден көрсетіп жүрген сала қызметкерлеріне мықты денсаулық, шығармашылық табыс, қызметтеріне жеміс тіледі.
Елдің, егемендігіміздің басты нышаны өнерімізбен, мәдениетіміздің ғасырлар бойы атадан балаға мирас болған асыл қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу жолындағы олардың еңбектеріне халық куә. Аудан көлемінде өтіп жатқан барлық ізгі игілікті іс-шаралардан осы жандардың талмай еңбек етіп жатқанын көреміз. Көпшілікке қуаныш пен көтеріңкі-көңіл күй сыйлайтын өнер ұжымдарының еңбегі әркез ерекше.
Салтанатты кеш соңы өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.
С. Үсенқұлова.