Оңай олжаға құнығу опа бермейді

Президент «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында айрықша басымдық берген жемқорлыққа қатаң тыйым салу тетіктері ауданымызда да жүйелі жүруде. Қосаман ауылдық округінде де сыбайластықтың алдын алуға бағытталған түсіндірме жұмыстары үнемі айтылып келеді. Атап айтсақ, ауылдық округ әкімшілігінде басқосулар сайын жергілікті мемлекеттік мекемелерге құлақтандырылып, жең ұшынан жалғасқан іс-әрекеттердің арты опа бермейтіндігі жан-жақты айтылуда.
Иә, дамыған ел боламыз десек, осы бір індет сынды қоғамға дендеп енген жемқорлықтың тамырына балта шабуға тиіспіз. Сонда ғана келешегіміз көркем, ертеңіміз еңселі болмақ.
Қазыбек Саражов,
Мергенсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы