Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жең ұшынан жасалған әрекеттерге жол жоқ

Жең ұшынан жасалған әрекеттерге жол жоқ

Қоғам дамуына елеулі кедергі келтіретін жемқорлықпен күрес қай кезде де күн тәртібінен түскен емес. Елдік мүддені кейінге ысырып, қалта қамын күйттегендерді азайту жолдары ұдайы назарға алынған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл төңірегінде ұзақ мерзімді бағдаралама жасалып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен осы бір жеңұшынан жасалатын әрекеттерге тосқауыл қою мақсатында ұлт жоспары да қолданысқа енді.
Осылайша Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қиымл бойынша шаралар жүйелі түрде іске асып, берері мол бастамалар өз нәтижесін көрсете бастады. Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты стратегиялық маңызға ие Жолдауында да жемқорлыққа қатысты, яғни, бюджет кірісін арттыруға байланысты тұщымды ой қаузалды. Нақтырақ тоқталсақ, ел Президенті «Бюджеттің кірісін арттыру үшін шаралар қабылдау қажет екені сөзсіз. Бірінші кезекте, мемлекеттік шығыстардың ауқымы және оның тиімді жұмсалуын бақылауда ұстау керектігін тағы бір мәрте еске салды.
Рас, сол Жолдауда білім саласына басымдық артқаны да кеңінен баяндалып, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылға дейін 1 мың мектеп салу міндетін қойды. Бұл білім саласына деген қолдау мен сенімнің нәтижесі.  Білім саласы қызметкерлері ел имиджін түсіретін келеңсіз әрекеттерден бойды аулақ ұстап, ұлтты тәрбиелеу жолында жас сананы да оңай олжаға құнықпауға үндеп, еңбекпен тапқан нанның тәтті екенін дәріптей береді.
Ақжарқын ӘБИЕВА,
аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі.
01 желтоқсан 2021 ж. 266 0