Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлыққа жол берілмейді

Жемқорлыққа жол берілмейді

Қоғамдағы күрмеуі қиын мәселенің бірі – сыбайлас жемқорлық.  Тәуелсіз елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде  айқындалған. Елбасымыз «Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс» деп атап көрсетті. Сонымен қатар осы мәселеге Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларында да көп көңіл бөледі.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесуді көздейді. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен бітіспес күрес жүргізу барлық ұлтжанды азаматтардың парызы болуы шарт. Сондай-ақ елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жолға қоя отырып, қоғамға кесірін тигізетін кеселдің орын алуына жол бермеуіміз қажет. Бұл еркін елдің болашағына немқұрайлы қарамайтын әр адамның мүддесіне жауап береді.Жемқорлықпен күресу бірдің емес, көптің ісі. Сондықтан да «көп қорқытады, терең батырады» дегендей, көп қолға алса, сыбайлас жемқорлыққа мықты тосқауыл қойылатыны сөзсіз. Тек жемқорлықпен  күресте құқықтық органдармен бірге азаматтық және қоғамдық ұйымдар белсенділік таныту керек.

Қ.АРҒЫНҒАЗИЕВ,
«Қызылорда облысының  мемлекеттік архиві»  коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің  Арал аудандық  филиалының  архивисі
09 тамыз 2021 ж. 443 0