Жемқорлыққа қарсы күрес – адамзатқа ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында нақты белгіленген. Негізгі басты бағдарламалық құжат «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы» болып табылады.
Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Жемқорлықты болдырмаудың негізі тетігі – халықтың өз қолында. Осы орай еліміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтай отырып, өзге адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірмей, сыбайлас жемқорлықты болдырмауға үлес қоса алады. Сондықтан да cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бұл барлығымызға ортақ міндет екендігін әрдайым естен шығармайық.
С. ЖҰБАНИЯЗОВ,
Қаратерең ауылдық округінің әкімі