Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықпен күрес – әрбір азаматтың міндеті

Жемқорлықпен күрес – әрбір азаматтың міндеті

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық заманауи қоғамның өзекті мәселесі болып табылады. Ол үнемі терең зерттеуді, белсенділікті және оған қарсы тұруды қажет етеді. Жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғам мен мемлекеттің күшжігерін біріктіру ерекше маңызға ие. Осыған байланысты жемқорлықтың алдын алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын іске асыруға, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметіндегі жемқорлық қатерлерін табу және оларды барынша төмендетуге, осы бағытта жүргізілетін жұмыстарды кеңінен жариялауға және қазақстандықтардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар басымды болу керек.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің негізіне нұқсан келтіріп, экономикалық дамуды тежейді. Ол қоғам мен бизнеске аса теріс әсер етіп, жүргізіліп жатқан экономикалық әрі әлеуметтік реформаларға кедергі келтіреді. Заң үстіндегі экономикалық өсу, әлеуметтік әділдік, қоғам мәдениетінің дамуы мен гүлденуіне қол жеткізу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес міндетті шара болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу әрбір азаматтың міндеті екенін ұмытпайық, ағайын.
Г. Арзмағамбетова,
Арал аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы
Арал қаласы
13 қаңтар 2021 ж. 732 0