Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлық - дерт

Жемқорлық - дерт

Көптеген жылдар  бойы қоғамның басты кеселіне айналған жемқорлық мәселесі күн тәртібінен түсер емес. Ең бастысы, ауданымызда мемлекеттік қызметшілер  мен қарапайым азаматтар арасында жең ұшынан жалғасу көріністері азая түсті. Оған халық арасында жиі- жиі жүргізіліп отырған сауалнама қорытындысы дәлел. Алайда, дамыған, өркениетті 30 мемлекеттің қатарына ену үшін, бұл бағытта мақсатты күрес жүргізуіміз қажет. Ал, Стратегия- осы бір өткір мәселелерді шешудегі бірден- бір қадам. Мемлекеттік, әлеуметтік қызметшілердің азаматтық ұстанымы болуы қерек. Қай маманның да заң алдында таза болуы қажет. Жоғарыда атап өткеніміздей, ауылда мекеме, ұжымдардардағы азаматтар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі тұрғындар тарапынан стратегияның қолдау тапқанын көрсетіп отыр. Сондай – ақ, жемқорлыққа төзбеушілік пен көзқарас қалыптастыру қажеттігі айтылды.Стратегияның негізгі тәсілдері 6 бағыттан тұрады, олар- мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл, қоғамдық бақылау институтын енгізу, квазимемлекеттік және жекеше сектордағы, сот және құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін қалыптастыру, оған қарсы іс- қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтасты дамыту болып табылады.
Тұтастай алғанда, стратегия – мемлекет пен қоғамның тыныс – тіршілігінің негізгі салаларын қамтуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешенінің әзірленуін және оның жүзеге асырылуын мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерінде де, жекеше секторда да сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуды қамтамасыз етуге, азаматтардың осы әлеуметтік заңсыздыққа төзімсіз қөзқарасын қалыптастыруға тиістіміз.

Б. Ермагамбетов,
ҚР АШМАӨК МИК-нің, Арал аудандық аумақтық инспекциясы бас маманы,
өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы.
09 сәуір 2020 ж. 1 206 0