Сыбайластық- зиянды құбылыс

Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы он жылдық стратегиясы да қабылданды. Стратегияның мақсаты- мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Жалпы, Қазақстанда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан – ақ, сыбайлас жемқорлықпен күрес жіті қолға алынған болатын. Соған қарамастан бұл індет қоғам өмірінде анда- санда болса да бой көрсетіп қалып жүргені рас. Кез келген өркениетті қоғам үшін, сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Әрбір мемлекеттік қызметші отансүйгіштікті, ақыл- парасатты, білімді, жігерді, адалдықты жанына жалау етіп, Ата Заңымызды ардақтаса, сыбайлас жемқорлықтың сағы сынар еді.
С. Тойшыбаев,
ҚР АШМАӨК МИК-нің, Арал аудандық аумақтық инспекциясы бас маманы,
өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы.