Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою - баршамыздың парызымыз

Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою - баршамыздың парызымыз

Еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең басты қауіп-қатерлерінің бірі  – сыбайлас жемқорлық екені барлығына белгілі. Сондықтан оны болдырмау, алдын-алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлық еліміздің экономикасы  мен ұлттық қауіпсіздігіне орасан зор нұқсан келтіріп қана қоймай, нарықтық экономиканың дамуына залалын тигізеді. Сол себепті онымен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналған.Қазіргі жемқорлықтың сипаты да, қауіптілігі де бөлек. Әкелетін зардабы тіпті орасан. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 366-бабында көзделгендей пара алғанда және Қазақстан Республикасының ҚК-нің 367-бабында көзделгендей пара бергенде қылмыстық жауапкершілік көзделген. Яғни жемқорлық туралы айтқанда тек пара алушыларды жою арқылы жеңуге болмайды. Ол үшін пара беруге ниетті жандардың да санасына саңылау түсіріп, жегі құрттың етек жаюына өзінің де ықпал етіп отырғанын жан-жақты түсіндірген маңызды. Адамдардың көбі пара беру мен сыбайластықты түсінбейді. Алайда пара алу мен пара берудің қылмыстық жауапкершілігі тең деп айтуға болады.
Әйтсе де, соған қарамастан бұл індет қоғам өмірінде анда-санда болса да бой көрсетіп қалып жүргені рас. Өткен 2018 жылы Арал аудандық сотында осы санатта 4 іс қаралып, 5 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 2019 жылдың 3 айында бұл санатта қылмыстық істер қаралмаған.  
Көбінесе сыбайлас жемқорлыққа адамдардың заң талаптарын білмеуінің салдарынан жол беріледі. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтындығын көпшілік ескере бермейді.
Әрбір азамат және әрбір мемлекеттік қызметшілер қандай жағдайда болмасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру керек деп санаймын. Өйткені, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою - баршамыздың парызымыз.
А.Б.Болатбеков,
Арал аудандық сотының бас маман-аға сот приставы, Заңгерлер одағының мүшесі.
16 сәуір 2019 ж. 1 671 0