Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Назарбаевқа жемқорлардың ашық тізімін жасауды ұсынды

Назарбаевқа жемқорлардың ашық тізімін жасауды ұсынды

Қазақстанда жемқорлық жасағандардың тізімі жариялануы тиіс. Бұл туралы Qamshy.kzақпарат агенттігі хабарлайды  «Transparency Kazakhstan» бірлестігіне сілтеме жасай отырып.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев  еліміздегі  жемқорлықты болдырмау мен оның алдын алу, жемқорлармен жалпы жұртшылық болып аяусыз күресу жайлы тапсырмаларын  жүзеге   асыру   мақсатында   бастама көтерген болатын. Сыбайлас   жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне   үлкен  кедергі  келтіріп  отырған қоғамымыздың ең басты  қауіп – қатерлерінің бірі болып табылатындығын айтқан. Осыған сәйкес «Жемқорлыққа қарсы күрес» мәселелерімен айналысатын бірлестік мүшелері Қазақстан президентіне жемқорлардың ашық тізімін жасауды ұсынып отыр.
«Transparency Kazakhstan» қоғамдық қоры: «Қазіргі уақытта президент әкімшілігі ұсыныстың техникалық мәселелерін қарастырып жатыр», – деп мәлімдеді. Бірлестіктің ойынша, «жемқорлар» тізімге енген қызметкерлер екінші мәрте парақорлыққа бармайды.
Аталған ұсыныстан бөлек, мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қазақстанда пара алып сотталғандардың тізімін жасайтынын айтқан. Агенттік қоғам мүшелерінің ұсынысын мақұл көріп, азаматтар тарапынан да бақылауды күшейту үшін тізім жасау туралы сауал тастады.
www.qamshy.kz
15 наурыз 2019 ж. 756 0