Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

Қазіргі таңда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп отырған стратегиясының басты бағыттарының бірі – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Бұ бағытта, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, бұған қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарта отырып жемқорлық сипатындағы кез келген келеңсіз көріністерге «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру маңызды мәселе.
Осы орайда, жуырда ғана аудан әкімдігінің мәжіліс залында жергілікті атқарушы орган ұжымдарымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тренинг өткізілді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы тренингті Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі, психолог-тренер Аймаханова Назира Кенжебекқызы өткізді.
Аудандағы мемлекеттік мекемелер мен бөлім басшылары, мемлекеттік қызметшілер қатыстысқан тренингті аудан әкімінің аппарат басшысы – Әдеп жөніндегі Уәкіл Нұрмұхамед Бохаев ашып берді. Басқосуда сөз алған аппарат басшысы мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тренингтің мән-маңызына тоқтала келе, жемқорлық пен құқық-бұзушылықты туғызатын себептер мен жағдайларды алдын алып, оларды жою, мемлекеттік қызметшілердің білімін көтеру, жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау, сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы жүргізілетін шаралардың жариялылығы мен ашықтығын үйлестіру туралы айтты.
Сонымен қатар, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ақпараттық-ағартушылық штабы құрылғандығын және аталған штаб қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық мәселелелерінің алдын алу бағытында кешенді жұмыстарды қолға алғандығын жеткізді.
Одан әрі сөз тізгінін алған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі, психолог-тренер Н.Аймаханова тренингтің түпкі мақсатымен таныстыра отырып, қатысушыларды қызықты психологиялық жаттығулар мен тапсырмаларға тартты. Тренинг барысында мемлекеттік қызметшілер күнделікті қарбалас өмір ағысы мен жұмыс аясында елей бермейтін, дегенмен, маңыздылығы басым мәселелерге назар аударып, өз жеке өмірі мен қызметін тиімді жоспарлай білуге, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен бойын аулақ ұстауға тағыда бір ден қойды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
30 қаңтар 2020 ж. 1 296 0