Мемлекеттік қызметкерлер түзету мекемесіндегі жағдаймен танысты

Мемлекеттік қызметшілер облыс бойынша қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің ЗК – 169/1 мекемесінің тергеу изоляторына барды. Жалпы мекеме жұмысының қызметімен 35 аса мемлекеттік қызметші танысты.
ЗК – 169/1 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Алмат Тасқараев облыстық мекемелер үйінің қызметкерлерін қазіргі таңдағы изолятордың жұмыс барысымен таныстырды.
Шара соңында департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Нұғман Жақұдаев шараға қатысушыларға «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңына» енгізілген өзгерістер туралы қысқаша хабарлама жасады.