3 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазгидромет синоптиктері 3 ақпанда еліміздің бірқатар өңірінде боран мен тұманға байланысты дауылды ескерту жариялады.
Астанада түнде және таңертең аздаған қар жауып, тұман мен көктайғақ күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында түнде аздаған қар жауады, ал күндіз аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ болжануда.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ және тұман сақталады.
Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде кей уақытта тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-шығысында түнде 25 градус қатты аяз күтіледі.
Атырау облысының батысында және шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, ал облыстың солтүстігі мен шығысында боран күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман болжануда.
Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, ал облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, ал күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде көктайғақ пен тұман болжануда.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде аздаған қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында кей уақытта тұман күтіледі.
Қостанай облысының шығысы мен орталығында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, көктайғақ болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман болжануда.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың шығысы мен орталығында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының батысында аздаған жауын-шашын (негізінен жаңбыр) күтіледі. Облыстың батысы, солтүстік-шығысы және орталығында тұман болжануда.
Павлодар облысында түнде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман болжануда.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман болжануда. Жел оңтүстік-батыстан соғады, ал облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, сондай-ақ таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі. Таулы асуларда жаяу бұрқасын болады. Жел шығыстан соғады, таулы асуларда жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында кей уақытта тұман болады. Жел шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақпарат көзі: turkystan.kz.
Сурет: Нұрболат Нұржаубай