Қазақстанда тағы бір құжат электрон форматқа ауысты

Санитариялық кітапша дайын болған кезде азаматтар 1414 нөмірінен SMS-хабарлама алады.
Жұмыс берушілер қызметкерлердің медициналық кітапшаларының өзектілігін hr.enbek.kz тегін еңбек ресурстары порталы арқылы тексере алады, бұл санитариялық нормалардың сақталуын бақылауды жеңілдетеді және ықтимал қателіктердің алдын алады.
Электрон жүйе қоғамдық тамақтандыру, дәріханалар, санаторийлер қызметкерлерін, сондай-ақ қызмет көрсету қызметкерлері мен медицина қызметкерлерін қоса алғанда, қызметкерлердің 15 санатын қамтиды. Бұл санаттар үшін тұрақты медициналық тексерулер жылына бір рет немесе алты айда бір рет өткізіледі.
"Жеке медициналық кітапшаларды электрон форматқа көшіру арқылы оларды тексеру процесі азаматтар мен жұмыс берушілер үшін оңайырақ және жылдамырақ болды", - деп хабарлады ведомство.
Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға ыңғайлы болу үшін медициналық кітапшалар мен аурухана парақтарын қоса алғанда, медициналық анықтамалардың сегіз түрі қағаз тасығыштан электрон форматқа ауыстырылатынын хабарлаған еді.
Сурет: massaget.kz