Демалыс күндері күн райы қандай болады?

Демалыс күндері елдің батысында, солтүстік-батысында антициклон сілемі бар, жауын-шашынсыз болады.
Ал республиканың қалған аумағында атмосфералық фронттардың өтуінен және елдің оңтүстігінде циклон ойпатының әсерінен қар аралас жауын жауып, көктайғақ болып, елдің шығысында қарлы боран соғып, екпінді жел тұрады деп болжанып отыр.
Республика бойынша тұман түседі.
Батыста түнгі уақытта ауа температурасы -5-13°С, солтүстік-батыста -13-21°С, түнде солтүстікте түнгі температура -7-15°С, шығыста және орталықта -12-20°С дейін, оңтүстікте -1-ге дейін төмендейді. Оңтүстік-шығыста -5-10°С дейін, таулы аудандарда -13-23°С дейін төмендейді.
Фото: Нұрболат Нұржаубай