Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2025 жылдың 1 ақпанға дейінҚызылорда облысының тұрғындары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 93 млрд теңге аударды, оның 54,8 млрд теңгесі жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 38,2 млрд теңге - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалында хабарлады.
Жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген Ұлттық банкте сақталады және МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуда.