Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаныңыз қоюланғанын көрсететін басты белгілер

Қаныңыз қоюланғанын көрсететін басты белгілер

Қанның қоюлануының алғашқы белгісінің бірі тез шаршау болуы мүмкін. Сондай-ақ, бас ауруы мен бас айналу қанның тұтқырлығы жоғарылағанының белгісі болуы ықтимал. Бұл туралы терапевт дәрігер Надежда Чернышова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Москва 24-ке" сілтеме жасап.

Қан неліктен қоюланады?

Маманның айтуынша, жеткілікті мөлшерде су ішпеу, қатты құсу, қант диабеті сияқты кейбір аурулар қанның қоюлануына әкеп соқтыруы мүмкін.

Қанның қоюланғанын көрсететін ықтимал белгілер:
Бас ауруы, бас айналу;
Тез шаршау;
Қол мен аяқтағы шаншу сезімі
Алайда дәрігер қан қоюланғанын нақты көрсететін белгілер жоқ екенін атап өтті. Көп жағдайда адам ешқандай өзгеріс сезінбеуі мүмкін.

Диагностика және алдын алу
Қою қан диагнозын нақтылау үшін медициналық тексеруден өтіп, арнайы анализдер тапсыру қажет.
Егер қанның қоюлығы расталса, дәрігер қан сұйылтатын препараттар тағайындайды.
Мұндай жағдайдың алдын алу үшін жеткілікті мөлшерде су ішу маңызды.

Сурет: Нұрболат Нұржаубай
14 ақпан 2025 ж. 82 0