Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

Қызылорда ст.ЖПб-не қарасты Арал теңізі ст.ЖПб-ің қызмет атқару аймағында ағымдағы жылдың ақпан айының 18-20 күндер аралығында ««Anti-fraund»» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.Қазіргі уақытта кез келген адамның ұялы телефоны яғни смартфон, планшет интернет алаяқтардың құрбанына айналып кетуі мүмкін.
Сондай-ақ,ауыспалы абоненттік номерлерді заңсызпайдалануға байланысты интернет-алаяқтықтың фактілері жиелеп кеткенін ескертеміз.
 Бұл жағдайда қылмыстық схемаларда қолданылатын телефон номерлерібанктерге де,құқық қорғау органдарына да берілуі мүмкін.Интернет алаяқтықтан сақ болу үшін пластикалық банк карталар мәліметін,код,құпия сөздерді ешкімге хабарламау маңызды.Белгісіз әрі тексерілмеген сайттарға ақша аударымдарын жасамауға шақырамыз.
Арал теңізі ст.ЖПб бастығы
полиция аға лейтенанты
Есмурзаев Сабит Қуанғалиевич

Сурет: автордан
19 ақпан 2025 ж. 81 0