Көкжөтел ауруының алдын алу туралы маман кеңесі

Көкжөтел- ауа арқылы жедел таралатын, жоғары тыныс жолдарының шырышты қабығын зақымдайтын, көбінесе, 8 жасқа дейінгі балалар арасында болатын жұқпалы ауру. Ауру қоздырғышы-бактерия науқас адам сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде ауа арқылы тарап сау адамға жұғады. Өте сирек жағдайда сырқат адамның тұтынған заттары (ойыншығы, ыдысы) арқылы жұғуы да мүмкін. Көкжөтелмен бір рет ауырған адам қайталап ауырмайды, өйткені аурудан кейін адам ағзасында тұрақты иммунитет қалыптасады. Аурудың жасырын кезеңі 2-15 (көбінесе 5-7) күнге дейін созылады. Көкжөтел, әдетте , 6-7 аптаға созылады.
Көкжөтел ауруы науқаста бастапқы кезде салқын тию белгілерімен басталады, яғни дене қызуы 38 0С -қа дейін көтеріліп, мұрыннан су ағу,түшкіру, бас ауру, құрғақ жөтел секілді белгілері болады. Одан әрі ауру белгілері дамып, құрғақ жөтел күшейіп ұстамалы жөтелге айналады. Бұл жөтел әсіресе науқастарды түнде және таңертеңгілік уақытта қатты мазалайды. Жөтелген кезде ауаның жетіспеушілігі сезіледі. Жөтел ұстамалары кезінде бірнеше жылдам тыныс шығару қимылдарынан басталып ысқырықты тыныс тартуға ұласады. Ұстаманың соңы шырышты қақырық бөлумен немесе құсумен аяқталады. Ұстамалар күніге жеңіл жағдайда 5-8 реттен, ауыр жағдайда 40-50 ретке дейін қайталануы мүмкін. Бұндай белгілер, көп жағдайда осы ауруға қарсы екпе алмаған балалар мен жасөспірімдер ауырған кезде байқалады .
Көкжөтел ауруымен ауырған кезде дер кезінде дәрігерге көрініп, уақытылы, сапалы ем алмаса науқаста мидың зақымдануы, пневмония, иммундық жүйенің әлсіреуі тәрізді асқыну жағдайларына ұласады.
Аурудың алдын алу шаралары:
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы
Сурет: Нұрболат Нұржаубай