Ата-анасын қарттар үйіне өткізген қазақстандықтар айлығының жартысынан қағылады

“Ата-анасын қарттар үйіне тапсырғандар қараусыз қалған ата-аналарының есепшотына тапқан жалақысының 50%-ын аударуға міндеттеу керек. Әрине, бұл қаражат ата-анасына деген құрметке тең келмейді. Дегенмен материалдық өтем болу керек”, – дейді депутат Таңсәуле Серіков.
Осы тұста қазақстандықтардың пікірі екіге бөлінді.
“Балалары болғандықтан ата-анасының жағдайын қамтамасыз ету керек. Өздері қарай алмаса, қарттар үйіне жіберсін. Онда айлығынан беруге міндетті. Мұнымен толықтай келісемін”, “Меніңше, дұрыс. Олар міндетті”, “Егер анамды қарттар үйіне өткізсем, ақшамен қамтамасыз етуге міндеттімін. 50%-ын алсын”, “Меніңше, бұл дұрыс емес. Қазір жастарға онсыз да қиын”, “Ондай балаларды атып тастау керек”, – дейді сауалнамаға жауап бергендер.
"Консерві, бәліш, тауық етін жедік": Ақтөбеде қарттар үйінің тұрғындары кешкі астан уланғандарын айтып көмек сұрады
Павлодарда пансионат қызметкерлері қарттарды сырт киімсіз аулада ұстап, ұрып-соғып азаптап келген (видео)
Сондай-ақ депутат жасы 70-тен асқан қариялардың атында жылжымайтын мүлік болса, оны өзге адамдарға рәсімдеуге тыйым салу қажет деп санайды.
Фото: Нұрболат Нұржаубай