Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы жылдары қандай мамандарға сұраныс артады?

Алдағы жылдары қандай мамандарға сұраныс артады?

Алдағы 6 жылда Қазақстанның еңбек нарығына 1,6 млн кадр қажет болады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанға кәсіптік-техникалық салада білімі бар 900 мыңға жуық адам және жұмысшы мамандықтарға ие 400 мыңнан аса адам қажет.
    "Кадрлар құрылыс, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі және денсаулық сақтау салаларында барынша сұранысқа ие. Бұл салаларда жұмысшы мамандықтарға деген сұраныс 56 пайызға жетеді", - деді Биахметов ӨКҚ брифингінде.

    Министрлік мәліметінше, құрылыста сылақшыларға, дәнекерлеушілерге жоғары сұраныс болады.
    Ауыл шаруашылығы саласында фермерлерге, тракторшыларға, мал өсірушілерге сұраныс артпақ.
    Денсаулық сақтау саласында орта медициналық қызметкерлерге, жедел жәрдем жүргізушілеріне және фельдшерлерге сұраныс болады.
    Сондай-ақ, тігіншілер, өнеркәсіп жабдықтары слесарлары, сантехниктер қажет болады.

Министрлік ақпаратына сүйенсек, Қазақстанда жұмысшы кадрларға деген қажеттілік тек арта береді.

Фото: massaget.kz
02 наурыз 2025 ж. 72 0