Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы он жылда қандай мамандыққа сұраныс артады?

Алдағы он жылда қандай мамандыққа сұраныс артады?

 massaget.kz Алдағы онжылдық "жаңа технологиялар" кезеңі деп аталып кетті. Қазір өндіруші компаниялардың басым көпшілігі 3D-принтердің көмегіне жүгінсе, көліктер автопилотқа көшіп жатыр.
  Англияның өнер, сауда және өнеркәсіпті дамыту бойынша Корольдік қоғамы жүргізген зерттеуде климаттың өзгеруі, экономика мен жаңа технологиялар дамуының тежеуі мамандықтар нарығына әсерін тигізеді деген тұжырым келтірілген.
Алдағы онжылдықта мінез-құлық психологиясын зерттеуші мамандар, сарапшылар мен киім дизайнерлеріне сұраныс артады. Сондай-ақ бағдарлама жасақтамасын жасаушылар, сандық қайта құру кеңесшілері және технология саласындағы PR-мамандарға жұмыс орны көбейеді. Ал білім беру, қызмет көрсету және ойын-сауық саласындағы мамандарға сұраныс азаймайды екен.
2010-2019 жылдар аралығында бағдарлама жасақтаушылар, экономист пен ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне сұраныс артқан. Ал банк қызметкерлері мен сатушылардың саны азайған.
Бұған дейін Tengrinews сайты Қазақстандағы ең қажетсіз мамандықтардың тізімін жасаған еді. Елімізде заңгерлердің саны тым көп екен. 2019 жылдың алғашқы жарты жылдығында электрон еңбек биржасында 4818 заңгердің түйіндемесі жарияланған. Ал осы уақыт аралығында тек 1221 бос орын болған. Сонымен қатар ең қажетсіз мамандықтардың тізіміне әлеуметтік қызметкерлер, аспаз, техник-бағдарламашы және кеңсе іс жүргізушілері енген.
09 қаңтар 2020 ж. 514 0