МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесін қалай алуға болады?

Мен ресми жұмысқа орналасқанмын, жұмыс беруші мен үшін төлемдер жасайды. Сонымен бірге жұмыс істеп тұрған жеке кәсібім бар, мен ЖК атынан МӘМС-ке жарна төлеуім керек пе?
Жеке тұлғалар, оның ішінде жалдамалы жұмыскерлер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (АҚС) бойынша жұмыскерлер және жеке кәсіпкерлер МӘМС жарналарын төлеушілер болып табылады («Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңның 14-бабының 2-тармағы).
Егер жалдамалы жұмыскер кәсіпкерлік қызметті де жүзеге асырса, онда МӘМС төлемдері келесідей болады:
1) жалдамалы жұмыскер ретінде МӘМС-ке жарналар-қызметкердің табысынан 2% мөлшерінде төленеді, МӘМС-ке аударымдар-жұмыс берушінің есебінен 3% мөлшерінде төленеді;
2) ЖК ретінде төлеуші МӘМС жарналарын да төлейді, бірақ табыстан емес, ең төменгі жалақының 1,4% – 5 5% мөлшерінде жарнаның тіркелген сомасын (2024 және 2025 ж.ж. 5950 теңге) төлейді.
- Осылайша, егер жеке тұлға жалдамалы қызметкер болып табылса және салық есептілігін (ҚР Салық заңнамасына сәйкес) ұсынуды тоқтата тұрмаған немесе әрекетсіз деп танылмаған дара кәсіпкер ретінде тіркелсе, онда МӘМС жарналарын ЖК ретінде төлеу жөніндегі міндет одан алынбайды.
- Мен жұмыс істемеймін және медициналық сақтандыруға ешқашан жарна төлеген емеспін. Алда құны қымбат операция күтіп тұр. Оны МӘМС бойынша жасатуға болады. Мен сақтандырылған мәртебесін қалай ала аламын?
Мәртебе алу үшін жарналарды келесі әдістердің бірімен тәуелсіз төлеуші ретінде төлеуге болады:
- Ағымдағы немесе келесі айдан бастап алдағы12 ай үшін әрбір ай үшін ЕТЖ-дан 5% мөлшерінде жеке-жеке (2025 жылы - 4250 теңгеден);
2) өткен 12 айда әрбір ай үшін ЕТЖ-дан 5% мөлшерінде жеке-жеке (2025-2024 ж.ж. - әр ай үшін 4250 теңгеден).
Егер пациент алдағы жылы ресми жұмысқа орналасуды жоспарламаса және жеңілдікті санаттарға жатпаса, онда бірінші әдісті таңдаған жөн. Бұл бір жылға алдын ала сақтандырылуға мүмкіндік береді. Төлемдер «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-да 2-3 жұмыс күні ішінде өңделетінін білу маңызды, содан кейін төлеушіге мәртебе беріледі.
Менің ЖШС бар, қазір одан табыс көзі жоқ. Бірақ менде төленбеген айлар қалды. Осы кезең үшін төлемді дербес төлеуші ретінде төлей аламын ба?
Егер азамат ЖШС құрылтайшысы болып табылса, онда ол дербес төлеуші ретінде ЕТЖ-дан 5% мөлшерінде жарналарды төлейді (2024-2025 ж.ж. әр ай үшін 4250 теңгеден).
Егер ол осы ЖШС қызметкері болса (мысалы, директор), онда ол ретінде 2% жарна және 3% аударымдар жасауы қажет.