Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік бақылауда

Санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік бақылауда

Қызылорда облысында санитариялық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда. Өңірде 102 түрлі ауру нозологиясы қадағаланса, өткен жылы олардың 41-і бойынша ешқандай жағдай тіркелмеген. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңыеда Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Гүлмира Сыздықова мәлімдеді.
- Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуда халықты иммундаудың маңызы зор. Профилактикалық екпелермен жоғары деңгейде қамту – ұжымдық иммунитет қалыптастыруға ықпал етеді. 2024 жылдың 15-і қыркүйегінен 11 жастағы жасөспірім қыздарды адам папиллома вирусына қарсы егу басталды. Есептік мерзімде 5775 қыз бала осы екпені алды. Бүгінгі күні бұл вакцинациялау жалғасуда, екпеден кейінгі қолайсыз жағдайлар орын алған жоқ. Сонымен қатар, елді мекендерде жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында көктем-күз айларында кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіліп, олардың тиімділігі 100% болды. Ауыз судың сапасын бақылау шеңберінде орталықтандырылған сумен жабдықтау нысандарынан 2584 су сынамасы микробиологиялық, 2590 сынама санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша тексерілді. Зерттеу нәтижесінде құрғақ қалдықтар мен хлоридтердің рұқсат етілген нормадан асып кеткені анықталды. Осыған байланысты тиісті мекемелерге ұсыныстар беріліп, сумен жабдықтау жүйелерінде жуып-шаю және дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары алдағы уақытта да жалғасады,-деді, Гүлмира Жамбылқызы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі 

06 наурыз 2025 ж. 63 0