Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеке куәлік жоғалған немесе ұрланған кезде не істеу керек?

Жеке куәлік жоғалған немесе ұрланған кезде не істеу керек?

Жеке куәлік - 16 жасқа толған әрбір Қазақстан Республикасының азаматы үшін негізгі құжат. Егер ол жоғалған немесе ұрланған жағдайда қалпына келтіру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының кез келген филиалына жүгіну қажет, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жеке куәлік жоғалған немесе ұрланған кезде не істеу керек?
Куәлікті қалпына келтіру үшін мына құжаттар қажет:

Жоғалу мән-жайы көрсетілген жазбаша өтініш (ұрланған жағдайда полиция бөлімінен берілетін талон);
Мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылатынын растайтын құжат (бар болған жағдайда);
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (егер болса);
Жаңа жеке куәлік алу үшін мемлекеттік баж салығын төлеу.
Мемлекеттік баж салығын қалай төлеуге болады?
2025 жылы мемлекеттік баж салығының көлемі - 786,4 теңге. Оны банктердің мобильді қосымшалары арқылы немесе "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде төлеуге болады.

Нені ескеру керек?
Егер жеке куәлік бір жыл ішінде екі реттен көп жоғалса, мемлекеттік баж салығы 1 АЕК мөлшерінде, яғни 3932 теңге болады.

Фото: massaget.kz

13 наурыз 2025 ж. 83 0