Жеке куәлікті қайта жасату жолдары

Жеке куәлікті қайта жасату үшін жақын жердегі «Халыққа қызмет көрсету орталығына» барып, өтініш білдіру қажет.
Қажетті құжаттар тізімін 1414 нөміріне тегін қоңырау шалып білуге болады.
Жеке куәлік ұрланған жағдайда:
- Аудандық полиция басқармасынан құжаттың ұрланғаны туралы анықтаманы;
- Мемлекеттік баж салығы төленгені туралы құжатты;
- Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (бар болса) тапсыру қажет.
Жеке куәлік жоғалған жағдайда:
- Жеке куәлікті жоғалту мән-жайы көрсетілген жазбаша өтініш;
- Мемлекеттік баж салығы төленгені туралы құжатты;
- Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (бар болса) тапсыру қажет.
Мемлекеттік баж салығының мөлшері – 0,2 АЕК (530 теңге).
2020 жылы 1 АЕК = 2 651 теңге.
Мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылатын азаматтар оны растайтын құжаттарды ұсынады. Бұл санатқа:
2020 жылы 1 АЕК = 2 651 теңге.
Мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылатын азаматтар оны растайтын құжаттарды ұсынады. Бұл санатқа:
- Мүгедектер;
- Мүгедек балаларды асыраушылар;
- Алтын, күміс алқа иегерлері;
- Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары не соған теңестірілгендер;
- Жетімдер жатады.
Жеке куәлік дайын болғанға дейін уақытша куәлік беріледі. Ол 3 айға ғана жарамды. Ал жеке куәлікті қайта жасату 15 жұмыс күнінесозылады. Өтініш берушінің қалауы бойынша жедел дайындауға да болады. Оның ұзақтығы:
- Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында – 1-3 жұмыс күні;
- Облыс орталықтарында – 3-5 жұмыс күні;
- Облыстардың аудандары мен қалаларында – 7 жұмыс күні.
10 күн мен 1 ай аралығында жеке куәліксіз жүрген адамға ескерту жасалады. Ал егер жеке куәліксіз 3 айға дейін жүріп қалсаңыз, онда 7 АЕК (18 557 теңге) төлеу міндеттеледі.