Қазақстанда Наурыз есімді 119 полицей қызмет етеді

Балаға ат қою рәсімі қазақ мәдениетінде әрдайым маңызға ие. Адамның есімі оның тағдырымен, болашағымен тікелей байланысты деген ұғым да бар.
Ат тарихи оқиғалар мен тұлғаларға ғана арналып қойылмайды. Ол табиғи құбылыстарға, ата-ананың тілек-сеніміне қарай таңдалуы мүмкін.
Наурыз есімді 119 полицейдің ішінде төртеуі нәзік жандылар.
Наурызбай — 55
Наурызбек — 41
Наурыз — 12
Наурызгүл — 4
Наурызхан — 3
Наурызғали — 2
Наурызжан — 1
Бекнаурыз — 1
Бұл статистика Наурыз дәстүрлері мен мәдениетінің заманауи Қазақстанда нығайып келе жатқанын айқын көрсетеді.
Айта кетейік, Қазақстанда Алтай есімді 5 мыңға жуық адам, Шымкент атты 3, Каспий есімді 14 адам бар.
Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Фото: Polisia.kz