Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда Наурыз есімді қанша адам бар

Қазақстанда Наурыз есімді қанша адам бар

Ұлттық статистика бюросы көктем мен жаңару мерекесі қарсаңында елімізде Наурыз есімді қанша адам тұратындығы туралы инфографика дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда Наурыз есімді 1 453 адам бар. Оның 1 417-сі ер адам, 36-сы әйел адам.

Наурыз есімді адамдардың көбі Маңғыстау облысында – 278 адам, Түркістан облысында – 190 адам, ал Қызылорда облысында – 160 адам тұрады.

Қазақстанда 1.01.2021 – 1.01.2022 жылдар аралығында Наурыз есімді 17 сәби дүниеге келген.

18 наурыз 2022 ж. 568 0