Елімізде Қазақстан, Егемен, Тәуелсіздік есімді қанша адам бар?

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Қазақстан есімді 35 қазақстандық бар. Олардың тоғызы Ақмола облысында, сегізі – Қарағанды облысында, бесеуі – Нұр-Сұлтанда, үшеуі – Қостанай облысында, екеуден – Шымкент, Алматы, Маңғыстау облыстарында, бір-бірден – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында тұрады.
Елімізде Егемен есімді алты қазақстандық бар. Олар – Алматы, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұрады.
Тәуелсіздік деген жалғыз адам Қарағанды облысында тұрады.
Сондай-ақ, елімізде 65 адам Елбасының есімін алып жүр. Қасым-Жомарт есімді екі қазақстандық бар.
massaget.kz