Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңістің 80 жылдығы: Әскерилер парадқа қызу дайындалып жатыр

Жеңістің 80 жылдығы: Әскерилер парадқа қызу дайындалып жатыр

Қазақстанда 2025 жылдың айтулы оқиғаларының бірі – Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық қызу жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, далалық лагерьде дайындықтың негізгі кезеңдері аяқталды: 203 тұрғын үй шатыры, 11 шаруашылық тірек пункті, тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған 12 шатыр, жеті дала монша кешені, далалық аурухана, сондай-ақ көлік паркі мен жабдықтарды жөндеу-қалпына келтіру пункттері орнатылды.

Парадқа қатысушылардың дені қазірдің өзінде елордаға келіп, барлық бөлімшелердің біртұтас күшіне біріктіріліп, қарқынды жаттығуларға кірісті.

Биыл шеруге 24 парадтық есептоп қатысады. Қатысушылардың жалпы саны 4 мыңнан асады, оның 200-ден астамы – әскери қызметші қыз-келіншектер. Механикаландырылған лекте 300-дің үстінде жауынгерлік және арнайы техника бірлігі сап түзеп жүріп өтеді, олардың қатарында тарихи кезеңді көрсететін техника үлгілері де бар. Әуе шеруіне әр түрлі типтегі 66 ұшу аппараты қатысады, - делінген министрліктің хабарламасында.

Парадқа дайындық қызу жүріп жатыр – қазақстандық әскердің күші мен қуатын көрсететін осынау әсерлі оқиғаны асыға күтеміз.

Фото: baq.kz
04 сәуір 2025 ж. 100 0