Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қайтыс болды

Қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қайтыс болды

Қытайдың шығысындағы қарттар үйінде орын алған өрт салдарынан кемінде 20 адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де Хэбэй провинциясына қарасты Чэндэ қалалық округінде болған.

Оқиға кезінде ғимаратта болған қарттар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Қазіргі уақытта өрттің нақты шығу себебі анықталып жатыр.

Фото: baq.kz
10 сәуір 2025 ж. 92 0