Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Пәкістанда пойыздар соқтығысып, 25 адам қайтыс болды

Пәкістанда пойыздар соқтығысып, 25 адам қайтыс болды

Пойыздардың бірі рельстен шығып кетіп, екінші жолаушылар пойызына соғылған, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Дүйсенбіде Пәкістанның оңтүстігінде екі жолаушылар пойызы соқтығысып, 25 адам қаза тапқаны жайлы Associated Press басылымы жергілікті полиция мен құтқару топтарына сілтеме жасап хабарлаған.

Басылым ақпаратына сүйенсек, оқиға елдің оңтүстігіндегі Синдх провинциясындағы Готки қаласының аймағында болған.

Полиция өкілдері мен жергілікті тұрғындар, құтқарушылар қайтыс болған және жарақат алған жолаушыларды жақын маңдағы ауруханаларға жеткізген.

Әзірге оқиғаның себеп-салдары жайлы ақпарат берілген жоқ.
07 маусым 2021 ж. 345 0