Департаменттің араласуымен қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекет тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдық беріледі.
Осы ретте, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент)қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша тиісті жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.
Департаментке мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қатысты қызмет алушылардан келіп түскен шағымдар заң шеңберінде қаралып, тиісті шаралар қолданылуда.
Осы жылдың 1-тоқсанының қорытындысымен 25 өтініш бойынша 9 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 2қызмет алушының, сұрау салу арқылы 3 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 1қызмет алушыныңқұқықтары қалпына келтірілді.
Бұдан бөлек, қашықтықтан мониторинг жүргізумен анықталған бұзушылықтар бойынша сұрау салу арқылы 3 қызмет алушыныңқұқықтары қалпына келтірілді.
Мәселен, ағымдағы жылдың ақпан айында Департаментке қызмет алушы З.М.-дан қосымша жер учаскесін алу мәселесіне қатысты шағымы келіп түскен болатын.
Осыған орай, қызмет алушы З.М.-ның шағымын жан-жақты, объективті және толық қарау мақсатында Қызылорда қаласы әкімінің аппараты (бұдан әрі – Әкімдік)және Қызылорда қаласының ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне (бұдан әрі – Бөлім) жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді.
Қызмет алушы З.М. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығының (бұдан әрі – Қағида)10-қосымшасына сәйкес «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талапетпейтін мемлекет меншігіндегіжер учаскелеріне құқықтарды алу»мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
І-кезеңібойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы Әкімдіккеөтінішін жолдап, Жер комиссиясының хаттамалық шешімімен оң қорытынды алған.
Қорытындыға сәйкес жерге орналастыру жобасын әзірлеп, Бөлімге «Е-Лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы өтініші мен құжаттарын жолдап, одан да оң қорытынды алған.
Бұдан әрі «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талапетпейтін мемлекет меншігіндегіжер учаскелеріне құқықтарды алу»мемлекеттік көрсетілетін қызметтіңІІ-кезеңіне келгенде, Бөлім қызметкерініңазаматшаЗ.М.-ның құжаттарынҚағида талаптарында көзделмеген тәсілмен, яғни көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылдағаны анықталды.Соның салдарынан Бөліммен Қаулы жобасы Әкімдікке Заңда белгіленген мерзімнен кешіктіріліп берілген.
Бұған қоса, қызмет алушы З.М.-мен сұратылған жер учаскесі қала шегінде болуына байланыстыҚағиданың 17-қосымшасына сәйкес «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметі бойынша көрсетілуі қажет.
Алайда, Әкімдікпен қызмет алушы З.М.-ның өтініші мен құжаттары мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі бұзыла отырып Қағиданың
10-қосымшасына сәйкес көрсетілгені және Қаулының қызмет алушы
З.М.-ға табысталмағаны анықталды.
Департаментпен жүргізілген тексеру нәтижелерінің қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы Әкімдік пен Бөлімге берілген ұсынудың нәтижесінде, қызмет алушы З.М.-ға қосымша жер учаскесіне жеке меншік құқығын табыстау туралы Қаулысы беріліп, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді және Бөлімнің маманына тәртіптік жаза қолданылып, Әкімдік пен Бөлім қызметкерлері арасында тиісті түсіндірме жұмыстары менқұқықтық оқытулар өткізілді.
Сондай-ақ, егер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Заңнама талаптарының сақталмағанына куә болсаңыз, яғни мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылса, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылса, артық құжаттар талап ету дерегі орын алса немесе мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бұзылса, Сіз құқығыңызды Департаментке шағымдану арқылы қорғай аласыз. Біздің мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 1.
Байланыс нөмірлері: 8 (7242) 70 56 36, 8 (7242) 70-00-40.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Қызылорда облысы бойынша
департаментінің Мемлекеттік
қызметтер басқармасының
бас маманы З. Арынова