Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылтудың талдау бағыты бойынша жұмыстары жалғасуда

Отырыс барысында Департамент басшысы талдау аясында атқарылатын жұмыс бағыттарын түсіндіріп, өткен кезеңде жүргізілген талдау қорытындысымен енгізілген бірқатар ұсыныстарды таныстырды.
Жұмыс тобының мүшелеріне сәуір-мамыр айларында талдаудың екінші кезеңін жүргізу үшін өңірімізгеЦифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі саласының «Телекоммуникация, пошта байланысы және жасанды интеллект, инновация, электронды өнеркәсіп және сандық активтер» бағыттары бекітілгендігін атап, талдау жүргізудің алгоритмі түсіндірілді.
Сонымен қатар, бюрократиялық проблемаларды(жоғарыда аталған салалардың министрліктерінде және үйлестіруші жергілікті атқарушы органдарда артық немесе реттелмеген функциялар, шешім қабылдау процестерінің күрделілігі, басқару құрылымының теңгерімсіздігі, жекеленген әкімшілік процедуралардың шамадан тыс рәсімделуі, ақпараттық жүйелер интеграциясының жеткіліксіздігі және басқалар) анықтау, оларды шешу жөнінде ұсыныстарды сапалы әзірлеу туралы толық ақпарат берілді.
Департамент басшысы атқарылатын жұмыс бағыттарының маңыздылығын айтып, мекеме басшыларын талдау жұмыстарына белсенді қатысуға шақырды.
Отырыс барысында қатысушылардың пікірлері тыңдалып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Алдағы уақытта талдау жұмыстарының нәтижесінде қалыптастырылған сапалы кейстер Агенттікке белгіленген мерзімде жолданатын болады.
Сондай-ақ, егер жоғарыда аталған бағыттарда немесе қызмет барысында бюрократиялық кедергілерге тап болсаңыз, не Қазақстан Республикасының азаматы ретінде аталған салалар бойынша ұсыныс, пікірлеріңіз болсаДепартаментке ауызша немесе жазбаша түрде хабарлай аласыздар. Біздің мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 1.
Байланыс нөмірлері: 8 (7242) 70 56 36; 8 (7242) 700040.
Электрондық пошта:n.suleimenov@kyzmet.gov.kz
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті