Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мемлекеттік қызметтегі үстеме жұмыстарды жою мәселелері талқыланды
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде 2020 жылдағы Әдеп жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті. Әдеп жөніндегі комиссиясының құрамына МҚІА төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев, ҚР Парламентінің депутаттары Нұртөре Жүсіп және Снежанна Имашева, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Юсуп Келигов, Мемлекеттік қызметкерлердің салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов, блогерлер Олжас Беркінбаев және Яков Федоров, ҚазГЗУ доценті Бибігүл Нұрашева, қоғам қайраткері, «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік қозғалысының төрағасы Сәдібек Түгел кіреді.Отырысқа ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қаржы, цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі, индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрліктерінің жауапты хатшылары мен кадр қызметінің басшылары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Көлік комитетінің конкурстық комиссиясының мүшелеріне қатысты тәртіптік істер қаралды, бірқатар министрліктер қызметкерлерінің үстеме жұмыс жасау, демалыс және мейрам күндері жұмысқа шығу бойынша тіркелген деректер туралы ақпарат тыңдалды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмысқа тарту деректерін қысқартуға бағытталған шаралар қабылдады. Аталған шаралар үстеме жұмысты жалпы 2,7 есеге қысқартуға мүмкіндік берді (2018 жылғы мәліметтермен салыстырғанда).
«Президент Әкімшілігі және Премьер-Министр Кеңсесімен үстеме жұмыстарға жол бермеу және мемлекеттік қызметте икемді жұмыс кестесін енгізудің мақсаттылығын қарастыру бойынша пәрменді шаралар қабылдау тапсырылды. Біз отырысқа мемлекеттік органдардың жауапты тұлғаларын шақырдық және бірлескен күш жігермен тапсырманы сапалы орындау үшін жүйелі шаралар қабылдай аламыз, оң нәтижелерге қол жеткіземіз және оны ұзақ уақытқа бекітеміз деп үміттенеміз», - деп атап өтті МҚІА төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев.
Әдеп жөніндегі комиссияның отырысында Агенттіктің Әдептік құқық бұзушылықтың профилактикасы басқармасының бас консультанты Айнұр Еңсегенова мемлекеттік органдардың жұмысын талдау мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан кейін негізсіз қалуы, сондай-ақ демалыс және мереке күндері жұмыс істеуіне алып келетін жүйелі проблемаларды көрсеткенін атап өтті.
Бұл қызметшінің жұмысына қарай жүктемені бөлу, уақытты тиімсіз пайдалануы және басшылардың орындалу мерзімі негізсіз қысқа тапсырмалардың болу мәселелері. Сонымен бірге, мемлекеттік органдардың ішінде кадрларды кейіннен ауыстыра отырып жиі қайта ұйымдастыру мәселелері мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері арасында жүктемені тиімді бөлуге теріс әсер етеді.
Отырыста мемлекеттік қызметтегі ішкі процестерді жетілдірмей және қағазбастылықты жоймай қызметшілердің үстеме жұмыс жасауын қысқарту бойынша техникалық шаралар қабылдау артық жұмыс жасауды жоюды күрделендіретіндігін аталып өтті.
Агенттік Әдеп жөніндегі уәкілдермен бірлесе отырып, СКУД мәліметтеріне талдау және мемлекеттік қызметшілерге анонимдік сауалнама жүргізу, сондай-ақ икемді жұмыс кестесін енгізу барысын жоспарлап отыр. Мониторинг және талдау бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелері жүйелі негізде Әдеп жөніндегі комиссия алаңында қаралатын болады.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексте үстеме жұмысқа, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу, сондай-ақ түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу жөніндегі еңбек заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін айыппұл түрінде лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қарастырылғанын атап өткен жөн.
Отырыс соңында комиссия мүшелері министрліктердің басшылығына мемлекеттік қызметшілерді жұмыс уақытын тиімді бөлудің негіздеріне және прогрессивті тәжірибелеріне оқыту қажеттілігі, мемлекеттік органдардың қызметіне функционалдық талдау жүргізу және осы талдау негізінде мемлекеттік қызметтегі процестерді оңтайландыру, соның ішінде осы процестерді автоматтандыруды, тапсырмалардың көлемі мен сипатын, оның ішінде 1-3 күндік орындалу мерзімі бар тапсырмаларды талдауды, сондай-ақ «икемді жұмыс кестесі» режимін енгізу жөнінде ұсынымдар әзірледі.
Отырыста Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілінің ақпараты тыңдалды.
Әдеп жөніндегі уәкілді тыңдауға жоғарыда аталған комитетте жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша анықталған мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама нормаларының бұзылуы негіз болды.
Комитеттің қызметкері – көп балалы ана үстеме жұмысқа заңсыз тартылғаны анықталды. Өз балаларының жиі ауыруына байланысты мемлекеттік қызметші үш жасқа дейінгі балаларды күту демалысына өтініш жазуға мәжбүр болды. Алайда, оған әлеуметтік демалыс беру туралы бұйрықпен танысудан бас тартылды.
Осы жағдайлар көп балалы ананы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне өтініш жазуға мәжбүр етті.
Қазіргі уақытта Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қажетті шаралар қабылдады және мемлекеттік қызметшінің құқықтары толық қалпына келтірілді.
МҚІА Баспасөз қызметі