Айгүл Шайымова ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Түрлі жылдары ҚР Қаржы полициясы агенттігінде, Экономикалық және сыйбайлас жемқорлық қылмыстары агенттігінде, ҚР Бас прокуратурасында жұмыс істеді.
2013-2014 жылдары ҚР Қауіпсіздік кеңесінің ситуациялық орталығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
2017-2016 жылдары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің аппарат жетекшісі болды.
2016 жылы Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі қызметін атқарды.
2016 жылдың қыркүйегінен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.