Ультрадыбыстық диагностика: МӘМС жүйесінің аясында қолжетімділік

38 жастағы Жарасхан Бегімбаев бүйрек тұсындағы ауырсынуға шағымданып, емханаға жүгінді. Учаскелік дәрігер пациентті УДЗ-зерттеуге жолдады.
– Жұмыс істеймін, МӘМС жүйесінде сақтандырылғанмын. Тиісінше, медициналық қызметтерді тегін аламын. Қуантатыны – қазір УДЗ-ге кезек жоқ. Жолдама берілді, бірден тексеруден өттім. Медициналық сақтандыру арқылы көптеген қызметтер қолжетімді, – дейді Жарасхан.
Емханада үш УДЗ аппараты жұмыс істейді. Соның бірі – заманауи Samsung Medison HERA W10 құрылғысы. Бұл аппарат анық бейнелеуді және жетілдірілген визуализацияны қамтамасыз етеді.
– Аталған құрылғы арқылы жүктілік кезіндегі скрининг, жүрек, сүт бездері, барлық ішкі ағзалар бойынша зерттеулер жүргіземіз. Сондай-ақ, қатерлі түзілістерге күмән болғанда толық тексеру өткіземіз. Әрине, МӘМС аясында ультрадыбыстық зерттеудіңқолжетімді болуымен ауруларды ерте анықтау деңгейі артты. Бұл әсіресе әлеуметтік осал топтар үшін өте маңызды, – дейді УДЗ дәрігері Айнұр Тұрманова.