Асыл тұқымды сиыр мен қой сатып алуға жеңіл несие беріледі

Мал шаруашылығының ет бағыты бойынша асыл тұқымды ірі қара мал және ұсақ қара малды сатып алуға жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылады. Жылдық мөлшерлемесі 5%-дан аспайтын "ұзақ мерзімді" несиелер ұсынылады. Қаржыландыруға деген қажеттілік – 50 млрд теңге. Сол көлемде 50 млрд теңге айналым қаражатын қаржыландыру бағдарламасы да іске қосылады. Жылдық мөлшерлеме 5%-дан аспайды, - дейді Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.
Фото: baq.kz