Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Жезқазған қ.: 11 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 11 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.
Атырау облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 11 шілдеде күндіз 37-39 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: 11 шілдеде найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 11 шілдеде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыс бойынша найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қ.: 11 шілдеде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с.
Батыс Қазақстан облысында күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі. Орал қ.: 11 шілдеде күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 11 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз найзағай, облыстың шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 11 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 11 шілдеде таңертең және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с.
Маңғыстау облысында 38-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 11 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде найзағай, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с. Петропавл қ.: 11 шілдеде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.
Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с. 11-13 шілдеде облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 11-13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 11-13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 11 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қ: 11 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақпарат көзі: turkystan.kz
Фото: Нұрболат Нұржаубай