Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кемшіліктерді жою жұмыстары үздіксіз жүргізілуде

Кемшіліктерді жою жұмыстары үздіксіз жүргізілуде

Кеше аудан көлемінде күн райының бұзылуы салдарынан орын алған оқыс жағдайларға байланысты Арал қаласы бойынша мөлтек аудандарда және ауданға қарасты ауылдық округтерде қалыптасқан жағдайларды қайта қалпына келтіру жұмыстары үздіксіз жалғасуда. 
Осы кезге дейін қала көшелерінен барлығы 2466 куб жаңбыр суы шығарылды. Бұл жұмыстарға жұмылдырылған 12 сусорғыш техникалар осы кезге дейін 420 дан астам рейс су тасып, қаланы судан тазалауда. 
Сонымен қатар аудан аумағын тұрақты электр энергиясымен қамтамыз ету мақсатында жұмыс жүргізіп жатқан арнайы топ ақауларды қалыпқа келтіруде. Қазір қала бойынша санаулы тұрғын үй кезең кезеңімен жарық көзіне қосылуда. Мергенсай ауылдық округі бойынша орын алған ахауларды қалпына келтіруге жұмысшы топ жұмылдырылды.
Қалыптасқан жағдай аудан әкімдігінің қатаң бақылауында. Бұл бағытта арнайы кезекшіліктер ұйымдастырылды.

"Толқын" ақпарат
02 тамыз 2025 ж. 57 0