Тазарту жұмыстары жалғасуда

Табиғаттың тылсым құбылысының салдарынан орын алып отырған проблемалық мәселелер аудан әкімдігінің қатаң бақылауына алынып, көше бойында жиналған қар үйінділері мен суларды тарту, тазалау жұмыстары тәулік бойы үздіксіз жүргізілуде.
Бүгінгі күнге дейін 1221 м3 қар үйінділері және 1950 м3 жиналған қар сулары қала сыртына шығарылса, қажеттіліктерге байланысты арнайы техникалармен (погрузчик, камаз) топырақпен қомдау, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қолға алынды.
Аталмыш жұмыстарға он беске (15) жуық арнайы техникалар тартылып, алпыстан (60) аса жауапты қызметкер (жұмысшылар) жұмылдырылуда.
Құрметті аудан тұрғындары мен қала қонақтары! Сіздерді табиғаттың тосын құбылысына түсіністікпен қарауға шақырамыз.